Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
<p style="text-align: justify;">Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еуразиялық экономикалық комиссия <a href="https://eec.eaeunion.org/news/bakytzhan-sagintaev-izbran-predsedatelem-nablyudatelnogo-soveta-fba-eas/">сайтына</a> сілтеме жасап.</p>
Сондай-ақ жалпы жиналыстың жұмысы барысында қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.
Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының - Еуразияның 26 елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған болатын.