Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогы ойындарында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді. Олар бұған дейін Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді. Енді олар 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі.
Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар Қытай Тайбэйін 6:0 есебімен жеңді. Еліміздің әйелдер құрамасы бұған дейін Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар 12 тамызда Индонезиямен шеберлік байқасады.
Құрлықтық бәсеке Таиландтың Бангкок қаласында 8 тамыз күні басталды. Аталған турнир 15 тамызда мәресіне жетеді.