Қазақстан
1 мин оқу 250

Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған

<p style="text-align: justify;">Компьютерлік вирустардан қорғау жүйесін әзірлеуге маманданған компанияның сарапшылары жаңа Andariel шабуылдарын анықтады. Бұл Lazarus құрамына кіретін солтүстіккореялық кибертоптың шабуылы екені анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шабуыл жасау кезінде олар белгілі DTrack бағдарламасының модификациясын, сондай-ақ жаңа Maui төлем құралын пайдаланады. Кибертоп АҚШ, Жапония, Үндістан, Вьетнам, Ресей және Қазақстандағы ірі ұйымдарды нысанаға алған.

Andariel нақты компанияларға назар аудармайды, шабуылдаушылар үшін ең бастысы - ұйымның қаржылық жағдайы. Топ он жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2022 жылы да зиянды бағдарламалар арсеналын және шабуыл географиясын кеңейтуді жалғастыруда.

АҚШ-тың киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігінің шілде айындағы есебінде Andariel үкіметтік және денсаулық сақтау ұйымдарына Maui төлем бағдарламасы арқылы шабуыл жасағаны көрсетілген.

Бөлісу:
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар