Қоғам
1 мин оқу 260

Полицейлер елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты

<p style="text-align: justify;">11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері &laquo;Алматы &ndash; Екатеринбург&raquo; тас жолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Полицейлер елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар