Әлем
1 мин оқу 570

Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы заңға қол қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қырғызстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне <a href="http://www.president.kg/ru/sobytiya/novosti/23079_vneseni_izmeneniya_v_ugolovniy_kodeks_kirgizskoy_respubliki_predusmatrivayushie_ughestochenie_otvetstvennosti_vinovnih_lic_za_deyaniya_protiv_polovoy_neprikosnovennosti_ghizni_i_zdorovya_detey" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Құжат балаларды қорғау реформасын жүзеге асыру шеңберінде жыныстық қолсұғылмаушылық құқықтарын, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге бас бостандығынан айыру мерзімі және айыппұл сомасы ұлғайту арқылы жаза күшейтіледі.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасаған адамдар қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне, психикалық ауруына немесе психикасының уақытша бұзылуына байланысты, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату және рақымшылық жасауды қолдану арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

Бөлісу:
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар