Елорда
1 мин оқу 290

Елордада 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн-брифингте биыл бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала баратынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Айта кету керек, осы жылы мектептердің кітапхана қоры қайта басылып шыққан 2-сыныптың оқулықтарымен жаңартылады. Бүгінде қорда 2,5 млн-нан астам оқулық бар.

«Жаңартылған оқулықтардың алғашқы топтамасы 12 тамызда жеткізіледі, беру 15 тамызда басталады. Қазір мектептер 1, 3-9 сыныптарға оқулықтар шығара бастады. Осы жылдың 25 тамызына дейін елорда оқушыларының 100%-ы оқулықтармен және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі», деді Қасымхан Сенғазиев.

Балалар санының өсуіне байланысты 1 миллионнан астам кітап сатып алынады.

Бөлісу:
Елордада 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар