Жібек Құламбаева Өскемен турнирінің финалына жолдама алды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ж. Құламбаева жекелей сында отандасы Гөзал Айнитдиноваға жол бергенімен, ресейлік Екатерина Казионовамен бірге жұптық кездесулерін сәтті өткізді.
Ж. Құламбаева мен Е. Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко - Беларусь өкілі Дарья Шаухамен шеберлік байқасты.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0, 6:0.
Ертең Жібек Құламбаева мен Екатерина Казионова ресейліктер Екатерина Маклакова - Александра Поспеловамен бас жүлдені сарапқа салады.