Спорт
1 мин оқу 311
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>
Ол 73 килодан жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды. Бірінші орынды Узунчавдар Суде (Түркия) иеленді. Екіншісін Ливаннан келген Селман Вард алды. Иорданиялық Рама Або-Алруб Жансель Денизбен тұғырдың үшінші сатысын бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 54 килоға дейінгі салмақта Жасұрбек Клычов қоланы медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу: