Теннис
1 мин оқу 291

Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Торонто (Канада) WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Қарсыластар бұған дейін кортта өзара кездеспеген еді. Д.Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Америкалық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Ю.Путинцева жұптық сында да жартылай финалға өте алмады. Ол америкалық София Кенинмен бірге ширек финалда америкалық Мэдисон Киз – үндістандық Саня Мирзаға жол берді – 5:7, 6:3, 6:10.

Юлия Путинцеваның жекелей сында мастерс жарысының ширек финалына дейін жетуінің өзі табыс деп бағалауға болады. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 38-орынға көтеріледі.

Бөлісу:
Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар