Әлем
1 мин оқу 180
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының баяндамасында осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.</p> <div class="advdiv"> </div>
Баяндамада 28 шілде мен 10 тамыз аралығында 35 мың адам су тасқынынан зардап шеккені және олардың көбі өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны айтылған.
Йеменнің 16 провинциясындағы 85 ауданда толассыз жаңбыр жауған. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы елде 20 тамызға дейін жаңбыр жаууы мүмкіндігін хабарлады.
Бөлісу: