Қоғам
1 мин оқу 240

Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады

<p style="text-align: justify;">FlyArystan әуекомпаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Әуетасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын болады. 

Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады. 

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар