Ауа райы
1 мин оқу 220

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">14 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар