Елорда
1 мин оқу 215

Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Осыған байланысты Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңындағы Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдары, Байтұрсынов, Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелері жартылай жабылды.

Сонымен қатар жарыс өтетін Достық, Әлихан Бөкейхан, Керей-Жәнібек, 38-көшелері, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылған көшелердің толық картасын навигациялық қосымшадан онлайн көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалыс сызбасы өзгерді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар