Білім
1 мин оқу 340

Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді

<p style="text-align: justify;">Қазіргі кезде еліміз өңірлерінде республикалық &laquo;Мектепке жол&raquo; акциясы жалғасын табуда. Алматы қаласында да қарқын алған бастама аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсетіліп, оларға әкімдік тарапынан мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылып отыр.</p>

Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді

Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған ба­ла­ларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қол­дау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке қал­май келуіне бағытталған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы бағыттағы шаралар тура­лы баяндаған Алматы қаласы бі­лім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева оқушыларға оқу жы­лына дайындыққа көмек көр­сету бойынша жұмыстар іске асып жат­қанын жеткізді. Осы орайда кө­мек­ке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылып, жедел желілер, сенім телефондары жұмыс істейді.

Ал қайырымдылық көмек көрсе­туге демеушілер, меценаттармен қатар мемлекеттік құрылымдарды тарту жұмыстары іске асуда. Ба­ла­ларға мектепке дайындалуға кө­мек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына ха­барласа алады.

Жедел желіге қатысты ақпараттар Алматы қаласы білім басқарма­сының сай­­тында көрсетілген. Л.Жылқы­баева­­ның айтуынша, 1 қыркүйектен бас­тап мемлекеттік мектептерде білім алатын 1-4-сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға байланысты әзірлік жүруде. Сонымен қатар оқушылар қайтарымды негізде оқулықтармен қамтылатын болады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар