Ширек финалда ұтылды
<p style="text-align: justify;">Канаданың Торонто қаласында теннис­тен жүлде қоры 2 527 250 АҚШ долларын құраған WTA 1000 турнирі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева табысты өнер көрсетті.</p>

Үздіктер тізімінде 46 орында тұрған жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде жергілікті теннисші Кэтрин Себоны сан соқтырып, екінші кезеңде әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен күш сынасты. Алғашқы сетте қарсыласынан 2:4 есебімен ұтылып жатқан Путинцева ақырында жеңісті әйгілі қарсыласының уысынан жұлып әкетті – 7:5. Екінші сетті де отандасымыз сәтті бастаған еді, Бадоса жарысты жалғастырудан бас тартты. Үшінші айналымда Юлия WTA тізімінде 35 орынға тұрақтаған америкалық Элисон Рискені жолынан ығыстырды – 6:3, 7:5. Ширек финалда қазақстандық теннисші АҚШ-тың тағы бір өкілі Джессика Пегуламен кездесті. Әлемнің жетінші ракеткасына Юлия Путинцеваның әлі жетпеді – 3:6, 3:6.
Дәл осы турнирде Елена Рыбакина да бақ сынаған еді. Бірақ Уимблдонда топ жарған жерлесіміздің Торонтода жолы болмады. Ол екінші кезеңде америкалық Кори Гауффтан жеңілді.