Теннис
1 мин оқу 240

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы Ландисвилле (Пенсильвания) ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚТФ хабарлағандай, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға дейін жетті.

Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялық Хан-На Ли мен Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.

Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.

Осылайша, Анна Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған еді.

Бөлісу:
Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар