Елорда
1 мин оқу 300
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
<p style="text-align: justify;">Мәңгілік ел даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 14 қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
City Transportation Systems компаниясы хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары Достық көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Осыған байланысты № 15, 15А, 19, 21, 28, 32, 35, 43, 46, 50, 52, 54, 61, 70 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Сонымен қатар жол жабындысы жүруге жарамды болғанға дейін № 5А, 6, 16 және 72 қоғамдық көліктері де уақытша өзге схема бойынша қатынайды.
Бөлісу: