Аймақтар
1 мин оқу 277

Ақтөбеде жол апатынан 4 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбенің Покровка &ndash; Жаңажол тасжолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Покровка – Жаңажол автожолының 75-шақырымында болған жол апаты салдарынан төрт адам қайтыс болды.

«Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ақтөбеде жол апатынан 4 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар