Оқиға
1 мин оқу 320

Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда полицейлер қала орталығында жол апатынан кейін көлігін тастап, қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін таңғы сағат 4:00 шамасында 102 пультіне «Март» сауда орталығының күзетшісінен қала орталығында белгісіз жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Мерседес» көлігі қала орталығындағы орындықтарға, қоқыс жәшіктеріне және жарық бағандарына соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші нөмірлерін шешіп алып, қашып кеткен», деп жазылған хабарламада. 

Қазір жүргізуші қамауға алынды. Осы факті бойынша 610-баптың бірінші бөлігі және 611-бабының екінші бөлігіне байланысты әкімшілік іс қозғалды.

Бөлісу:
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар