Аймақтар
1 мин оқу 660

Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Алматы полиция департаменті Алматы қалалық сотының ғимаратын неге қоршап алғанын түсіндірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық ПД нақтылағандай, қалалық соттың әкімшілік ғимаратына «жарылғыш зат» қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

«Көрсетілген мекенжай бойынша қала қызметтері тартылып, олар бірінші кезекте сот қызметкерлерін, сондай-ақ келушілерді эвакуациялады. Патрульдік полиция көлік құралдарын қауіпсіз қашықтыққа бұруды жүзеге асырды. Қазыбек би көшесіндегі қалалық сотта іздеу шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты», делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «анонимді» анықтау және оны одан әрі жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шаралар өткізіп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар