Қоғам
2 мин оқу 360

Балаларға арналған стартаптар

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Президент атап өткендей, бұл жылы мерекелік іс-шараларды өткізумен шектелуге болмайды. Дұрысы &ndash; балалар үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында нақты шаралар қабылдау. Сондықтан бұл игі бастамадан Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі де қалыс қалған жоқ.</p>

Балаларға арналған стартаптар

Нақтырақ айтсақ, Astana Hub техно­паркінің базасында балаларды дамыту мен қорғауға бағытталған стартаптар мен IT жобалар құрылды. Соларға аз-кем тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Бірегей жобалардың бірі – UvU. Бұл 5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды 4 орынды автокөлікпен тасымалдайтын әйел жүргізушілері бар қауіпсіз, ыңғайлы және қолжетімді сервис. Жоба­ның серіктестері – отбасыларға ынты­мақтастық пен өзара көмек қағидат­та­рына сәйкес тасымалдауды ұйым­дас­тыруға көмектесуге дайын жүргізуші аналар.

Roqed деген де жоба бар. Ол ғылымды оқытуға арналған жоғары сапалы визуал­ды және интерактивті бағдарлама­лық жасақтама. Білім беру мекемелеріне жоғары технологияларды енгізуге бағыт­талған. Roqed-тің виртуалды және интер­активті ортада ғылымдарды үйренуге және практикалық дағдыларды дамытуға арналған қосымшалары бар. Энциклопедиясы бар 1 200-ден астам интерактивті 3D визуализациядан тұрады.

Технопарк базасында балалар мо­биль­ді ойындарын дамыту студиясы жұмыс істейді. Бұл Funtyx Games деп аталады. Мұндағы әзірлемелердің бірі – ең кішкентай балаларға арналған Jungle town мобильді ойыны. Оның бас­ты кейіпкерлері – сүйкімді жануарлар.

Big dream – оқулықтардағы қара­пайым суреттерді 3D форматында көрсе­тетін бағдарлама. 2017 жылдан бастап Big Dream lab білім беру, маркетинг, құрылыс, өндіріс және полиграфия саласында толықтырылған, виртуалды және аралас шынайылықтың озық техноло­гияларын әзірлеп, енгізіп келеді.

Bilim Media Group жобасының негізгі миссиясы мен ұраны – барлығына қол­жетімді сапалы білім. Негізгі ресурсы – Bilimland.kz порталы. Онда нөлден екі жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытуға арналған материалдар, бастауыш және орта сыныптарға арналған курстар бар.

Қазақстандағы балабақшалар мен ата-аналарға арналған алғашқы және бірегей қосымша BALAM деп аталады. Бұл ата-аналар мен балабақшалардың қарым-қатынасын тиімдірек және жеңіл­детуге бағытталған инновациялық жоба.

ABCHESS – онлайн және офлайн режімде, жаттықтырушымен немесе өз бетінше шахматты үйретудің заманауи экожүйесі. Негізгі міндет – барлығына қолжетімді сапалы шахмат білімін құру.

Balapay – балалар үшін мектептерде қолма-қол ақшасыз тамақтану сервисі. Оқушылар жеке smart-картаны мектеп асханасында төлем құралы ретінде пайдалана алады.

Келесі жоба – KidSecurity. Бұл ата-ана­ларға балалардың орналасқан жерін біліп отыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

Міне, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі базасында балаларды дамыту мен қорғауға бағытталған осындай IT жобалар жұмыс істейді.

Бөлісу:
Балаларға арналған стартаптар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар