Спорт
1 мин оқу 133

Цинциннатидегі турнир басталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Кеше АҚШ-тың Цинциннати қала&shy;сында теннистен аса ірі халық&shy;аралық турнир басталды. Жүлде қоры 2 527 250 АҚШ долларын құраған жарыста қос жерлесіміз бақ сынауда.</span></p>

Цинциннатидегі турнир басталды

Еліміздің бірінші және әлемнің 27-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда Майар Шерифпен шеберлік байқа­сады. Мысыр елінің өкілі WTA рейтингінде 60-сатыға жайғасқан. Егер Рыбакина Шерифті ұтса, келесі кезеңде ол кезінде үздік­тер тізімінде көш бастаған испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасады. Күні кеше ғана Торонтодағы турнирдің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева Мэдисон Кизбен ойнайды. Қазіргі кезде мықтылар рейтингінде 27-сатыға жайғасқан америкалық теннисші кезінде US open додасының финалында ойнаса, биыл Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Жерлесіміздің жолы болған жағдайда, яғни екінші айналымда бразилиялық Беатрис Хаддад-Май мен латвиялық Елена Остапенко арасындағы кезесудің жеңімпазымен жолығады.

Бөлісу:
Цинциннатидегі турнир басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар