Аймақтар
1 мин оқу 200

Алматыда дизель отынына сұраныс артып келеді

<p style="text-align: justify;">Алматыда дизельдік отынға сұраныс артып келеді. Қала әкімдігі Алматының жанар-жағармай құю бекеттерінде өзге өңірлерден келген ауыр жүк көліктері жиі жанармай құя бастағанын атап өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo; арнасына сілтеме жасап.</p>

Қазір жергілікті билік көтерме жеткізушілермен бірлесіп, тұрғындарды қажетті көлемде дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ олар дүрлікпеу үшін мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі қорларға тұрақты мониторинг жүргізеді. 

«Жеткізудің үзілуін болдырмау үшін ҚТЖ-мен үйлестіру жұмыстары жолға қойылған. Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда», деп сендірді қала әкімдігі. 

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді.

Бөлісу:
Алматыда дизель отынына сұраныс артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар