Қазақстан
2 мин оқу 451

Зауыт сүзгілері ауыстырылды

<p style="text-align: justify;">Ақсу ферроқорытпа зауытында жыл басынан бері үш газ тазарту жүйесінде жеңдік сүзгілер ауыстырылды. Оларды ұдайы ауыстыру кәсіпорынға газтазалағыштардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және ферроқорытпа өндірісінің шығарындыларын азайтады.</p>

Зауыт сүзгілері ауыстырылды

Жеңдік сүзгілер газды тазар­ту үшін қолданылады. Ме­талл балқыту кезінде газ түзі­леті­ні белгілі. Газдар газ тазарту жүйе­сіне тартылып, сүзгілерден өтеді. Соның салдарынан сүзгілердің бетінде ұсақ шаңдар қалады. Қон­дырғы 99 пайыз барынша тиімді жұ­мыс істеуі үшін сүзгілерді тұрақ­ты түрде алмастыру ма­ңыз­ды. Онымен кәсіпорынның арнайы қызметі айналысады.

Ақсу ферроқорытпа зауы­тында биыл үш балқыту цехының жең­дік сүзгілері ауыс­тырылды.

– Бүкіл әлемде қолданылып жүр­­­ген серитификаты бар, тексе­рістен өткен сүзгілерді ғана пайда­ланамыз. Әр газ тазалағыш­­тың өз сүзгісі болады. Сүзгілердің бар­лығы инновациялық мате­риал­­дардан жасалған. Олар сүз­гілер­дің беріктігін қамтамасыз етіп, оны пайдалану мерзімінің соңына дейін сақтайды. Пай­да­лану шарттарына байланыс­ты екі жылдан төрт жылға дейін қол­дануға болады. Сүзгілердің тозғанын күтіп отырмаймыз, оларды ертерек ауыстыра береміз, – дейді зауыттың бас экологі Инна Давыдова.

Оның айтуынша, күн суыт­қан­ша тағы үш газ тазарту кешеніне жаңа сүзгілер қойылады.

Бұдан бөлек кәсіпорында №4 бал­қыту пешінің газ тазарту құрылғысы жетілдіріліп жатыр. Былтыр мұнда №42 пеш үшін жаңа газ тазалау кешені салына бастады.

– Экология және табиғи ре­сурс­тарға ұқыпты қарау ERG үшін қашан да маңызды. Топта 2018 жылдан бері Экологиялық стратегия кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Стратегия аясында үздік инновациялық шешімдер енгізіледі. Қазір кәсіпорнымыз­дың барлық пеші газ тазартқыш қондырғылармен жабдықтал­ған. Ондағы сүзгілерді уақтылы жаңалап келеміз. Мұнымен шектелмей, тазалау деңгейі жоғары­лау әрі пайдалану сипаттамасы жақсартылған заманауи кешен саламыз, – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин.

Бүгінде №42 пеш газтазарт­қы­шының құрылыс алаңында ірі габаритті металл конструкция­лары монтаждалып, корпусы тұр­ғы­зылып жатыр. Кешен бұ­рын­ғы жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып Siemens (Герма­ния) және ZVVZ (Чехия) өнді­рі­сінің жабдықтарымен жарақ­тан­дырылады. Олар иннова­ция­лық тазартқыш технология­лар мен шешімдер саласында әлем бойынша көш бастап тұр. Жаңа газтазартқышты Ақсу метал­лург­тері келесі жылдың соңында іске қосуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Зауыт сүзгілері ауыстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар