Спорт
1 мин оқу 10,783

Жарысты жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Цинциннати қаласын&shy;да жалауы желбіреген халықаралық турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті.</p>

Жарысты жеңіспен бастады

Әлемнің 27-ші ракеткасы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде Майар Шерифпен шеберлік байқасты. WTA рей­тингінде 60-сатыға жайғасқан Мысыр елінің өкілі жерлесімізге лайықты қар­сылық көрсете алмады. 1 сағат 12 минутқа созылған сайыс 6:3, 6:2 есебімен аяқтал­ды. Енді Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасады. Кеше түнде Юлия Путинцева америкалық Мэдисон Кизбен күш сынасты. Бұл бәсекенің қалай аяқ­талғаны жайында газетіміздің ертеңгі санында хабарлаймыз. Сондай-ақ осы турнирге Александр Бублик те қатысуға тиіс еді. Алайда ең соңғы сәтте отандасымыз Цинциннатиге барудан бас тартты.

Бөлісу:
Жарысты жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар