Спорт
1 мин оқу 10,970

Алтын белбеу үшін таласады

<p style="text-align: justify;">21 тамызда Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle FC турнирі өтеді. Бұл жарысты тамашалау үшін осы промоушеннің қожайыны, әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедовтің өзі келеді деп күтілуде.</p>

Алтын белбеу үшін таласады

Кезінде айқас алаңында ешкімнен жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысқан UFC чемпионы Нурмаго­ме­довтің мұрындық болуымен Қазақстан­да үшінші рет осындай дүбірлі дода ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жарыс Алматыда өтсе, екіншісін Ақтау қаласы қабылдады. Міне, ендігі турнирдің жалауы елорда төрінде желбірейді. Аталған жарыстың басты жекпе-жегінде 93 кило салмақтағы Дияр Нұрғожай Eagle FC промоушенінің чемпиондық белбеуі үшін таласады. Октагонда жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз 28 жастағы Ресей спортшысы Константин Андрейцевпен (18-14) айқасады. Егер Дияр бұл бәсекені өз пайдасына шешсе, онда ол бұл ұйымның алтын белбеуін иеленген тұңғыш қазақстандық файтер ретінде тарихта қалады.

Бөлісу:
Алтын белбеу үшін таласады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар