Оқиға
1 мин оқу 230

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Павлодарлық полицейлер күн сайын құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді. Оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді

Мәселен Май ауданы Ақшиман ауылының  тұрғыны лицензиясының жоқтығына қарамастан, үйінде алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан. Тексеру барысында «Парламент» маркалы 77 қорап темекі және 1200 - ден астам спирттік өнімдер алынды. Оның ішінде 334 шөлмек, 200 литр пластмасса ыдысқа құйылған арақ және коньяк өнімдері мен 500 бөтелке сыра тәркіленді.

- Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 200, 282 және 463-баптары бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.

Бөлісу:
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар