Күрес
1 мин оқу 356
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Еркін күрестен команда өкілі Мерей Базарбаев Софияда (Болгария) өткен U20 әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>
57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ол америкалық Йорке Рассел Волкпен кездесті. Тартысты бәсекеде отандасымыз қарсыласына 3:2 есебімен жол берді.
Айта кетейік, 74 килоға дейінгі салмақта Ілияс Ерболатов жұбаныш кезеңіне қатысады. Қола медаль үшін күресте ол Георгий Каруды (Молдова) жеңуі тиіс.
Бөлісу: