Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
<p style="text-align: justify;">Алматыда әлеуметтік осал топтан шыққан әр оқушы балаға мектеп формасы мен кеңсе заттарын сатып алуға 43 мың теңгеден берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жалпыға міндетті оқу» қорынан әлеуметтік осал топтағы оқушыларға арналған көмектің сомасы – бір балаға 43 мың теңгені құрайды.
«Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жалпы 847 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда қаражат 16 мың оқушының ата-анасының шотына аударылды. Барлығы 20 мыңға жуық оқушы материалдық көмек алады.
«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында 1 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар бөлген 17,3 млн теңгеге мектеп формасы мен кеңсе тауарлары сатып алынып, таратылды», делінген әкімдік хабарламасында.
Осыған орай Алматы әкімдігі игі іске бей-жай қарамайтын қала тұрғындарына акцияға атсалысып, мұқтаж балаларға көмек көрсете алатындарын жеткізді. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.