Оқиға
1 мин оқу 270
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
<p style="text-align: justify;">Жол апаты Жұлдыз ықшамауданында 21-мектепке қарама-қарсы жолда болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ПД-ға сілтеме жасап.</p>
«Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі басты жолдағы «Lexus» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.
Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі үйге жіберілген.
«Toyota Camry» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бөлісу: