Кино
1 мин оқу 305

«Көше ақынына» – сәттілік

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық режиссер Самғар Рақымның &laquo;Көше ақыны&raquo; фильмі Оңтүстік Кореядағы халықаралық кинофестивальге ұсынылды. Қысқаметражды кинотуынды Music film&rsquo;s Landscape секциясында көрсетілмек.</p>

«Көше ақынына» – сәттілік

Бұл аталымда заманауи му­зы­­калық фильмдерден бас­тап, әр­түрлі музыкалық жанрлар мен му­зы­канттарға арналған фильм­дер, сонымен қатар музыка ар­қылы әмбебап өмір мен түрлі мәдениеттерді көрсететін картиналар бақ сынайды.

«Көше ақыны» фильмінің желісі ұрпақтар арасындағы қақ­ты­ғыс мәселесін қозғайды. Оқиға айтыс­кер Таңжарық пен ұлы Тұран­ның арасында өрбиді. Мәселен, рэпке қызығып, түрлі риф­малар мен речитативтерді құрас­тыратын ұлының өнерін әкесі қабылдамайды. Фильм кө­рер­менге уақыттың жаңа тен­ден­цияларына өнерді де бейімдеуге болатынын, сонымен қатар ата-бабалар мұра еткен құндылықтарды сақтау керектігін меңзейді.

Айта кетейік, былтыр «Көше ақыны» АҚШ-та өткен Meihodo International Youth visual Media Festival 4-ші халықаралық кино­фестивалінде «Музыкалық бей­не» санатында марапатқа ие бол­­ды және Annapolis Film Fes­tival «Көрермен көзайы­мы» жүл­десін жеңіп алды. Сон­дай-ақ 6-шы Халықаралық Baiqo­nyr International Short Film Festival қысқаметражды кинофес­тива­лінде картина «Үздік монтаж» но­минациясы бойынша үздік деп танылды.

Еске салсақ, 18-ші Халық­ара­лық музыка және кинофести­ва­лі Чехчон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатыр.

Бөлісу:
«Көше ақынына» – сәттілік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар