Қазақстан
2 мин оқу 297

Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Қарулы Күш&shy;тері әс&shy;ке&shy;рінің кіл мық&shy;ты&shy;лары Ха&shy;лық&shy;аралық армия ойын&shy;да&shy;&shy;ры&shy;ның әскери-спорттық жа&shy;&shy;рыс&shy;&shy;тарында үздіктер қата&shy;&shy;рынан көріну үшін жарысуда, деп хабарлады ведом&shy;ствоның бас&shy;пасөз қыз&shy;меті.</p>

Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер

Өткен жексенбіде Қарағанды облы­сындағы «Спасск» оқу-жат­тығу полигонында өтіп жат­қан «Тактикалық мерген» сайы­сында Қазақстанның әскери қыз­­метшілері «Жаралы адамды эва­куа­циялау» кезеңінде үздік нәти­же көрсетті. Екінші орынды Өз­бекстан, үшінші орынды Қытай ие­ленді.

Бұдан бөлек мерген жаудың үз­діксіз атқан оғының астында «жа­уынгер жолдасын» қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар ол бірнеше атыс позицияларынан нысанаға гранатамен оқ жау­дырды.

Жараланған жауынгердің орнына 80 килодан (жаяу әскердің толық қару-жарақ, жабдығымен орташа салмағы) асатын бірнеше аспалы ағашты қосарлап имитация ретінде пайдаланды.

– Бұл жаттығуды орындау ар­­қы­лы қатысушы ату дәл­дігі мен төзімділігін ғана емес, соны­мен қатар төтенше жағ­дай­да әре­кет ету қабілетін де көр­се­туі керек. Жаттығу ба­рын­­ша жа­уынгерлік, такти­калық жағ­дай­ға жақындатылған дең­гей­де өткі­зіл­ді, – деді «Такти­ка­лық мерген» сайысының төрешісі майор Ғалым Садықов.

Мәскеу маңындағы «Ала­би­но» полигонында біздің тан­кис­тер бірінші дивизионның жарысын сәтті аяқтады. Жеке жарыста бірінші экипаж құрамы – танк командирі капитан Бексұлтан Алдаберген, көздеуші-опе­­­ратор 3-сыныпты сержант Сұңғат Сәдуақасов және 3-сыныпты механик-жүргізуші сержант Сұлтан Құтекешов барлық нысанаға дәл соққы беріп, бүкіл ке­дер­гіден мүлтіксіз өтіп, уа­қыт бойынша да үздік нәтиже көр­сетті.

Сайыстың нәтижесінде біздің танкистер үш атыс шебі бар 12 шақырымдық тас жолды 25 минут 8 секундта еңсерді. Өзбекстан – 25 минут 18 секундта, Вьетнам – 34 минут 50 секундта, Венесуэла – 47 минут 5 секундта өтті. Екінші және үшінші қазақстандық экипаждар «Танк биатлоны» байқауының жеке жарысына алдағы күндері шығатын болады.

Ал Ақмола облысы Щучинск қала­сының «Амандық» полиго­нын­дағы атыс шебіне «Мери­диан» сайысына қатысатын әскери топографтар шықты. Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында өткен жеке жарыс барысында сайысқа түскендер ми­на­ат­қыш­тан, гранатаатқыштан және атыс қаруынан оқ ату тапсырмаларын орындады. Қазақстандық әскери альпинистердің «Эльбрус шеңбері» сайысында көрсеткен алғашқы нәтижелері де жаман емес.

Бөлісу:
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар