Спорт
1 мин оқу 120

Путинцева ұтылып қалды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">АҚШ-тың Цинциннати қаласында шымылдығы түрілген халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өзінің тұсаукесер кездесуін өткізді.</p>

Путинцева ұтылып қалды

Жерлесіміз Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Қазіргі кезде мықтылар рей­тингінде 24-сатыға жайғасқан америкалық теннисші кезінде US open додасының финалында ойнаса, биыл Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Путинцева бұл бәсекеде барын салғанымен, Кизге әлі жетпеді. 1 сағат 23 минутке созылған тартыс 7:5, 6:3 есебімен АҚШ өкілінің пайдасына шешілді.

Сондай-ақ кеше екінші кезең ойындары басталды. Біздің Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазіргі кезде WTA рейтингінде тоғызыншы орында тұрған испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасты.

Бөлісу:
Путинцева ұтылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар