Оқиға
1 мин оқу 251
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 тамызда Казталов ауданы аумағында болған.
«Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, соқтығысқан. «Лада Приора» автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: