Елордадағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда №60 автобус бағыты ұзартылды. Енді ол Ұлы дала даңғылы бойындағы жаңа көпір үстінен өтеді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көлік қызметін жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 автобус бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды. Осылайша сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады», делінген хабарламада.
Бағдар қозғалысы мынадай: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.
Еске салайық, 8 тамызда Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір ашылған болатын.