Елорда
1 мин оқу 480

Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады

<p style="text-align: justify;">28 тамыз кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 600-ге жуық жапырақты ағаш отырғызылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</p>

Естеріңізге салайық, кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.

Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінде үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтап, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Бөлісу:
Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар