Аймақтар
1 мин оқу 340

Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі алтын өндіру шахтасы аумағында тағы бір адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, СҚО тұрғыны шахтаға заңсыз кіру барысында жарақат алған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда Степногор қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі «Западная» шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны көз жұмғаны туралы хабарланды.

«Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кіру кезінде жарақат алып, қайтыс болған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі («Күзетілетін объектіге заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.

Бөлісу:
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар