Аймақтар
1 мин оқу 214

ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы аймақта өткен жаңа оқу жылына дайындық тақырыбында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның айтуынша, бұдан былай тсенбі күндері қосымша сабақтар да өткізілмейді.

«Өңірдегі мектептердің барлығы бес күндік оқу аптасына көшеді. Сенбі-жексенбіде балалар да, мұғалімдер демалады. Қосымша сабақтар да өткізілмейді. Менің ойымша, бұл оқу процесінің сапасына, сондай-ақ балалардың денсаулығында да оң әсер етеді», деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Бөлісу:
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар