Әлем
1 мин оқу 271
Өзбекстанда автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Өзбекстанның Сырдария облысында автобустағы газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Сырдария облысының Ақалтын ауданында болған.
Автобустың газ баллондарының бірі газ құю станциясында жарылған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 15-і әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайын Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен құралған жұмыс тобы тексеріп жатыр.
Бөлісу: