Қоғам
1 мин оқу 340

Мүгедектерге 254 млрд төленді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді.</p>

Мүгедектерге 254 млрд төленді

Оның ішінде 2022 жылғы шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бо­йынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,6 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағ­дай бойынша мүгедектік бо­­йынша мемлекеттік әлеу­­мет­тік­ жәр­демақы алу­шылардың саны 530 мың, асы­раушысынан айырылу жағ­дайы бойынша 179,4 мың адамға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақылардың мөл­­шері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асы­рауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгі­ленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 тамыз­да­ғы жағдай бойынша мүге­дек­тігіне байланысты төле­нетін мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақының орташа мөлшері 54 339 теңге, асырау­шысынан айырылу жағ­дайы бойынша төленетін жәр­демақы – 47 763 теңге.

Бөлісу:
Мүгедектерге 254 млрд төленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар