Боз кілемде – бұрымдылар
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Қазіргі кезде Софияда әйелдер күре­сінен жастар арасындағы (U-20) әлем бірін­шілігі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, біз­дің бұрымдыларға әзірге жеңіс тұғы­рына көтерілу бақыты бұйырмады.</span></p>

Жерлестеріміздің арасынан тек Мәдина Аман ғана жүлделі орын үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Бастапқы бәсекелерінде басымдық танытқан 59 кило салмақта белдесетін Мәдина жартылай финалда мажарстандық Виктория Боршошқа небәрі бір ұпай айырмашылығымен ұтылды. Кеше ол қола медаль үшін таласты. Өкінішке қарай, әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күні Лаура Ғаниқызы (50 кило), Айнұр Әшімова (55 кило), Жібекжан Сабыржанова (68 кило) және Алина Ертөстік (76 кило) тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.
Бүгін 53, 57, 62, 65 және 72 кило салмақ дәрежелерінің жүлделері сарапқа салынады. Ал одан кейін грек-рим күресі шеберлерінің бәсекелері өтеді.