Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ол үшінші раундта әлемдік рейтингте 29-орында тұрған америкалық Элисон Рискені 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Матч барысында Елена 9 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.
Осылайша, Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Цинциннати додасының ширек финалына жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек немесе рейтингте 24-орындағы америкалық Мэдисон Киздің біреуімен таласады.