Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 12,410

Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші&nbsp;жекпе-жек өтетін уақыт жақындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Головкин кездесуге тура бір ай қалғанын еске салды.

Боксшы инстаграм парақшасында алғашқы екі жекпе-жектің үздік сәттерінен видеошолу жариялап, «Жекпе-жекке тура бір ай қалды» деп жазды. 

Айта кетейік, Головкин — Альварес арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңертең) өтеді. Алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өткен. 2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар