Әлем
1 мин оқу 283

Индонезияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Индонезия денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мохаммад Сиахрил пациенттің стационарлық емдеуді қажет етпейтінін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Antara ұлттық агенттігінің хабарлауынша, Джакартада тұратын 24 жастағы жігіт маймыл шешегімен ауырып қалған.

Науқас жақында шетелге саяхаттап, дененің кейбір бөліктерінде қызба және бөртпе сияқты белгілерді сезінгені анықталды. Сонымен қатар, науқаста көкбауырдың ұлғаюы байқалды.

«Бүгін бізде маймыл шешегінің алғашқы ресми расталған жағдайы бар. Науқастың бетінде, алақанында, аяқтарында бөртпе бар. Қазір оның жағдайы жақсы», деді Мохаммад Сиахрил.

Бөлісу:
Индонезияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар