Әлем
1 мин оқу 410

Түркиядағы жол апатынан 16 адам қайтыс болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі адамдарды қағып кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған. Бейнежазбада жүк көлігінің көпшілікке қарай жүйткіп бара жатқаны көрсетілген. Полицияның айтуынша, ол алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 20-дан аса адам жарақат алды.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Түркиядағы жол апатынан 16 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар