Аймақтар
1 мин оқу 431

Спорт күніне стадион сыйлады

<p style="text-align: justify;">Спорт күні қарсанында Жетісуда жаңа стадион ашылды. Сарқан қаласындағы Н.Островский мектеп-лицейінде орналасқан ойын алаңы шағын шаһардың сәнін келтіріп тұр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінген.</p>

Спорт күніне стадион сыйлады

Бұған дейін оқушылар тозығы жеткен көне алаңда жаттығып келген еді. Қазір іске қосылған жаңа спорт алаңының жалпы көлемі 1 800 шаршы метр, онда жасанды газон жабындысы төселген футбол алаңы, арнайы жүгіруге арналған резеңке жолақты жол, баскетбол және волейбол алаңдары бар. Стадион құры­лысын «Millennium Story Group» ЖШС құрылыс­шы­лары жүргізген. Құрылыс жұ­мыстары биылғы маусым айында басталған болатын.

Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбековтің айтуынша, биылғы Балалар жылы аясында Сарқан қа­ласымен қатар, шалғай жат­қан Қарабөгет, Көкөзек, Алмалы, Қарғалы ауылдарында заман талабына сай екі шағын, екі үлкен – жалпы 4 футбол стадионы, 5 стрит-воркаут және 8 балалар алаңы салынып, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Бұған дейін маусым айының соңында Сарқан қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатына 300 адам­дық «Жетісу» бассейн орта­лығын ашқан болатын. Мұн­да келушілердің жас ерек­ше­лігіне қарай үш бассейн тиіс­ті қажеттіліктермен жаб­дықталған.

Жалпы, Спорт күніне арналған шаралардың аясында Сарқандағы «Жас­тар» саябағында ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің жәр­меңкесі өткізіліп, келу­шілерге нарықтағыдан төмен бағада 3 тонна көкөніс, 850 килодан астам ет, 300 литр сүт пен сүт өнімдері және басқа да азық-түліктер саудаланды.

Бөлісу:
Спорт күніне стадион сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар