Өнер
2 мин оқу 340

Junior Eurovision байқауына кім барады?

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде Baqytty Bala вокалдық байқауы аяқталды. Онда фестиваль жеңімпаздары марапатталып, Junior Eurovision байқауына қатысатын қазақстандық жас өнерпаздың есімі белгілі болды.</p>

Junior Eurovision байқауына кім барады?

Тарқата айтар болсақ, Baqytty Bala байқауы би­ыл төртінші рет ұйым­дас­ты­рыл­ды. Оған әлемнің бір­неше елінен 21 жас әнші қатысты.

III орын және 250 мың теңге жүлде иегерлері:

  1. Аяулым Сабыр, Ақтөбе,
  2. Юлия Макс, Алматы,
  3. Елен Бадалян, Армения,
  4. Ялки Сака, Түркия.

II орын және 500 мың теңге жүлдеге иегерлері:

  1. Милан Пак, Өзбекстан,
  2. Мелани Гарсье, Испания.

Ал І орын мен 700 мың теңге жүлде Ақтөбе (Қазақ­стан) вокалисі Жанерке Әбдірахманова мен Бар­наул­дан (Ресей) келген Ульяна Зарваға бұйыр­ды.

Сондай-ақ концертте балалар Евро­видениесіне жолдама алған жас өнерпаздың есімі белгілі болды. Кон­курсқа Қазақстанның атынан алматылық жас вокалист Давид Чарлин барады. «Хабар» агенттігі Junior Eurovision 2022 ән байқауын көрсету құқығына ие ұлттық телехабар таратушы ретінде енді Давид Чарлинді жан-жақты дайындап, арнайы ән жазғызып, желтоқсан айында Ереванда өтетін конкурсқа аттандырады.

Айта кетейік, Baqytty Ba­la қа­ты­сушылары, сон­­дай-ақ

дәстүр бойынша арна­йы сыйлықтарға ие болды. «Кө­рермен көзайымы» жүл­десін шымкенттік вока­лист Сағын Өмірбайұлы алды. Мәдениет қайраткері Қа­нат Айтбаевтың «Дәс­түрге адал­дық» арнайы жүлдесі мен 200 мың теңгені Қаскелеңнен келген Шерхан Арыстан иеленді. Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Свет­­лана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлы­ғы­мен шымкенттік Еңлік Бай­зақ марапатталды. «Да­рын» мем­­­лекеттік жастар сый­лы­­ғы­ның лауреаты Рү­хия Бай­­дү­кенованың 100 мың тең­гелік арнайы «Үміт» жүлдесі Данияр Дүй­сен­бековке бұйыр­ды. «Хабар» агенттігінің му­зыкалық про­дюсері Жан Мұқанов «Ар­тистік шеберлік» арнайы жүлдесі мен 200 000 теңге сыйақыны польшалық вокалист Юлианна Китоваға берді.

Дәстүр бойынша Ди­маш Құдай­берген шы­ғар­машылығының жан­күйер­лері де арнайы сыйлық дайын­даған (Dears): Нұр-Сұлтан қаласының атынан қатысқан Ақжарқын Айдосова 170 мың теңге алды.

Бөлісу:
Junior Eurovision байқауына кім барады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар