Медицина
2 мин оқу 215

7 млрд теңге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға жұмсалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамта&shy;масыз ету Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75&nbsp; &laquo;Тегін меди&shy;циналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы&raquo; бұйрығына сәйкес жүзеге асыры&shy;лады&raquo;, деп хабарлайды&nbsp; &laquo;Әлеуметтік меди&shy;циналық сақтандыру қоры&raquo; КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.</p>

7 млрд теңге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға жұмсалды

«2022 жылдың 1 жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 7 млрд 11 млн  теңге сомасына 464 704 тегін рецепт бойынша 148 870 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде:

Пациент

Рецепт

Сомасы

ТМККК

109 607 

286 857

5 млрд 163 млн теңге

МӘМС ересектер

67 206              

161 299

1 млрд 611 млн теңге

МӘМС балалар

10 237

16 548  

236 млн

теңге

«Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1 156 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 462 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен – 517 бала; Пневмониямен – 680 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 222  бала, т.б.», деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйры­ғына сәйкес емхана дәріханаларында МӘМС жү­йесінде тегін берілетін барлық (антибио­тик­тер, ыстық түсіретін препараттар, темір­құрам­ды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефи­ка­лық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы; @saqtandyrybot телеграмботы; 1406 байланыс орталығы; Қордың fms.kz сайты кері байланыс арналары арқылы қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.

Бөлісу:
7 млрд теңге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға жұмсалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар