Спорт
1 мин оқу 182

Екі кезең артта қалды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Нидерландтың Утрехт қаласынан бас&shy;тау алған велошабандоздар ара&shy;сындағы ең белді жарыстардың бірі &ndash; &laquo;Вуэльта&raquo; көпкүндігінің алғашқы екі кезеңі артта қалды.</p>

Екі кезең артта қалды

Дәстүр бойынша алғашында жарыс командалар арасында өтті. Бұл тартыс жергілікті Jumbo-Visma клубының жеңісімен аяқ­талды. Қызғалдақтар елінің өкілдері 23,3 шақырымдық қашықтықты 24 минут 40 секундта жүріп өтті. Одан кейінгі орындарды Ұлыбританияның INEOS Grenadiers пен Бельгияның Quick-Step Alpha Vinyl Team ұжымдары иеленді. Жеңімпаздан 46 секунд қалып қойған «Астана» 10-сатыға табан тіреді.

Екінші кезең Хертогенбос пен Утрехт қалалары аралығын қамтыды. 175,1 шақы­рымдық тегіс жолда ирландиялық Сэм Беннетт (BORA-hansgrohe) алдына жан алмады. Одан кейінгі орындарды даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) мен бельгиялық Тим Мерлир (Alpecin-Deceuninck) иеленді. «Астананың» үздігі Мигель Анхель Лопес 24-сатыға табан тіреді.

Бөлісу:
Екі кезең артта қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар