Ауа райы
1 мин оқу 220

Еліміздің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында фронталды аймақ әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады. Күндіз оңтүстік – батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Еліміздің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар